«Мен коронавируспен ауырдым»: Қазақстандағы алғашқы плазмалық донорлар кімдер? — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда коронавирустан айыққан алғашқы қазақстандықтар ауыр жағдайдағы науқастарға қандарын беріп, көмектесе алатын болды. Иммундық плазмалық донорлар жайлы «Еуразия» арнасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солардың бірі — Дәулетхан Есімов. Ер адам 20 наурыз күні денсаулығына қатысты жайсыздықтарды сезінді. Алғашқы бес күн ол ЖРВИ деп ойлап, алаңсыз жүрген, бірақ агрессивті белгілерге байланысты жақындарынан оқшаулануды жөн көрген.

«Температура 38-ге дейін көтерілді, аузым құрғап, тамағымда ашыды», — деді донор.

Ер адам бес күн бойы өздігінен емделмекші болды, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ауруханаға екі жақты пневмониямен түсіп, содан кейін коронавирус анықталды. Екі апта ауруханада, үш апта үйде, амбулаториялық емделумен өткізді. Содан соң алты ПТР тестін тапсырды. Осыдан кейін ғана Есімов орталыққа қанмен бөлісуге шақырылды, оның құрамында емделуге қажетті антиденелер бар.

Тағы бір ауру — елорда тұрғыны Назар Сатпекова. Оның жорамалы бойынша, ол 3 наурызда хоккей матчына барған кезде вирусты жұқтырған. Бірінші донор сияқты ол да биыл шетелге ұшпаған, шетелдіктермен байланыста болмаған.

Алғашқы белгілер 14 наурызда пайда болды. Осыған ұқсас оқиға: өз-өзін бірнеше күн емдемекші болған, кейін пневмониямен ауруханаға жатқызылған және сәл кейінірек — коронавирус анықталған. Ол қалыпты өміріне тек жеті аптадан кейін оралды. Үйде теледидар алдында басқаларға көмектесе алатыны жайлы білген.

«ОРТ Еуразия» арнасында сюжетті көрдім, оны кездейсоқ қосып қалдым, олар сен өзгелерді құтқара аласың, донор бола аласың деді. Екінші күні мен бірден қан орталығына қоңырау шалдым», — деп еске алады әйел.

15 сәуірде Қазақстанда COVID-19 емдеуге арналған иммундық плазманы іріктеу әдісі бекітілді. Оны жинауға арналған аппарат әр облыста бар. Плазма донорларына жеті АЕК (шамамен 20 мың теңге) төленеді. Оларға қарапайым, бірақ ұмытылмас сыйлықтар тарту етіледі.

 

stan.kz