«Мен кінәмді толық мойындамаймын» — Қайрат Боранбаев
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев «мен бөтеннің мүлкін иемденуге және қылмыстық табысты заңдастырды деген кінәні мойындамаймын» деп жауап қайтарды. Бұл туралы Orda.kz сайты жазады.
«Мен кінәні толық мойындамаймын, өйткені мен айыптаудың мәнін түсінбеймін. Бұл дұрыс емес. Егер бізді «ҚазТрансГаз» компаниясының атауын көрсетпеген маманның қорытындысы бойынша айыптаса, онда бұл абсурд», — деді Боранбаев.
Қалған екі сотталушы да өз кінәсін жоққа шығарады. «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшысы Роман Наханов өз сөзінде «АзияГазЧунджа» мен QazaqGaz арасындағы келісімшарт тараптардың әрқайсысы пайда тапқан әдеттегі сатып алу-сату мәмілесі екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Qazaq Gaz басқармасының бұрынғы төрағасы Тайыр Жанұзақ бұл процеске дейін Боранбаевпен де, Нахановпен де таныс емес екенін айтты.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz