«Мен ешқайда кетпедім». Оппозиционер Навальный Ресейге оралады

0

Оппозиционер Алексей Навальный Ресейге қайта оралатынын мәлімдеді. Саясаткер 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алған.

«Қайтам ба, әлде қалам ба?» деген сұрақ мазалаған емес. Мен ешқайда кетпедім. Германияға мені жансақтау төсегімен бірге алып келді. Оның себебі: мені өлтіруге тырысты», — деп жазды саясаткер әлеуметтік желіде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алексей Навальный (@navalny)

Навальный былтыр тамыздан бері Германияда тұрып жатыр. Оны Берлинге медициналық ұшақпен жеткізді. Бірнеше зертхана саясаткерге у бергенін анықтады. Ол у «Новичок» тобына жататыны мәлім болды.

Ресей билігі саясаткер өміріне қастандық жасалғанын елемей отыр. Халықаралық журналистер тобы оппозиционерге жасалған қастандыққа Федералдық қауіпсіздік қызметінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған. Кремль мұндай болжамды жоққа шығарған.