«Мен баймын»: Нұрболат Абдуллиннің яхтасы бары рас па? — Қазақстан жаңалықтары
Танымал қазақстандық әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желіде бөліскен яхтаның суретіне қатысты сұраққа жауап берді. Айтуынша, әнші бірінші кезекте материалдық құндылықтарды емес, жақындарымен қарым-қатынасты жоғары бағалайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Мен баймын, бірақ байлықты дүниемен өлшеуге болмайды деп ойлаймын. Аллаға шүкір, ата-анам, отбасым, бауырларым бар. Достарым жетерлік, сыйласатын ортам бар. Еңбегім мен содан алып жатқан жеміс бар. Дүниемен өлшейтін болсақ, Аллаға шүкір, Алматыда үйім бар. Бұл туралы Ерке біледі. Сүйінші сұрасаңыздар болады. Жақында ғана алдым», — дейді әнші.
Әрі қарай Нұрболат Абдуллин бұрыннан көлігі барын және жуырда оны ауыстыруы мүмкін екенін айтты.
«Суреттегі яхта досымдікі. Негізі әдемі суреттеріме қарағанда, мен әдемі жерлерде жүретін шығармын. Әдемі жерде тәтті тағамды кім жегісі келмейді, кім ішкісі келмейді? Егер мүмкіндік болып тұрса, неге сол жерде суретке түсіп қалмасқа?!» — дейді әнші.
stan.kz