Басты бет Жаңалықтар Мен Байденді жеңемін, ол өз кабинетін асығыс құрып жатыр – Трамп

Мен Байденді жеңемін, ол өз кабинетін асығыс құрып жатыр – Трамп

0
199

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда Демократиялық партия кандидаты Джо Байденді жеңудің жолын тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-аккаунтында жазды.

Трамптың сөзінше, оның қолында дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар жайлы деректер жеткілікті. Сол деректер арқылы ол кем дегенде төрт штаттың қорытындысын өзгерте алатынын, нәтижесінде жеңімпаз атанатынын айтты. Сондай-ақ, Трамп бұрмаланған дауыстардың көптігіне қарамастан Джо Байденнің өз кабинетін асығыс құрып жатқанына таңданыс білдірді.

Ақ үй басшысы соттар мен заң органдарын батылдық танытып, сайлаудың және елдің біртұтастығын сақтауға қажетті істі жасауға шақырды.

Еске сала кетейік, 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Әзірге дауыстарды санау аяқталған жоқ. Десе де, Демократиялық партия үміткері Джо Байден сайлаушылардың жеткілікті дауысын қарсыласынан бұрын жинап үлгергенін мәлімдеп, өзін жеңімпаз деп жариялады. Алайда Трамп оның жеңісінің әділ екенін жоққа шығарып отыр.

Загрузка...

ТҮСІНДІРМЕСІЗ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз