«Мен айтты деп айтпа, бауырың тауда» (Видео)

0

Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов тұтқынға алынар алдында полицияға 8 желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні інісі Нұрқанат үйден шығып бара жатқанда оның отбасын күзетіп тұрған полицейлердің бірі көлікте ұйықтап жатқанын айтты, деп жазады Kznews.kz Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.

Шерзаттың әкесі інісін іздеп жүргенде белгісіз көлікпен қалай соқтығысқанын да айтып берді. Сондай-ақ полицейлердің бірі оған Нұрқанаттың тауда екенін айтқанын да жеткізді.

«Мен айтты деп айтпа, бауырың тауда» деді. Содан тауға шықтым. Алдымнан КИА көлігі шықты. Соғылып қалмайын деп шетке тарттым. Сол кезде мына жігіт (Дастан деп айтады өзі): бұлар біздің жігіттер, оперлер» деді. Бауырымды сұрайын деп едім, қашты. Арты таза болса, неге қашады?» дейді.