«Мен әдемі ғана емес, сонымен қатар ақылдымын»: Алтынай Жолдыбаева сүйіктісін көрсетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі, әнші Алтынай Жолдыбаева көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Оны тыңдармандары сынға алып, өзге ұлтпен көңіл қосты деп сөккен еді.

Бұл туралы ShowNewsKZ хабарлайды.

Алтынай Жолдыбаева соңғы кезде әншілігінен бөлек тик-токпен де айналысуда. Желіде белсенді Жолдыбаева жақын күндері сүйіктісімен бірге түскен суретінжариялаған еді. Оны өзге өкілімен бас қосты деп сынағандар легі көп. Алайда әншінің ғашығының ұлты — қазақ. Есімі — Мәрлен.

«Мен көпшілікке жеке өмірімді жариялағым келмейді. Бірақ менің нағыз жанкүйерлерім жеке өмірімде не болып жатқанын біліп алады. Арасында сұрап тұрады. Ешкімнен жасыра алмайсың», — деді әнші. 

Айтуынша, тойдың ауылы алыс емес. Сондықтан тағы бір әнші ақ келін атанып, құтты орнына жайғасуы мүмкін. 

«Мен әдемі ғана емеспін, сонымен қатар ақылдымын, ақыл-ойым орнында. Үй шаруасына да пысықпын. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын», — деді әнші.

 

 

stan.kz