Мемқызметкерлер берілген сыйлықтардан бас тартты

0
Мемқызметкерлер берілген сыйлықтардан бас тартты


Түркістан облысында 12 мемлекеттік қызметкер өздеріне берілген сыйлықтарды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізген.

Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғалым Тұрсынбаевтың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлерге негізінен кәдесыйлар берілетіні анықталған.  Егер алынған сыйлықтың   құны 4810 теңгеден асатын  шенеуніктер  ол үшін 1 млн 400 мың теңгеден астам айыппұл төлейді.

Ал, екі айлық есептік көрсеткіштен асса, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Департамент басшысы сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты аяқталған уақытта және мереке күндері қызмет орнында болатындарын анықтаған.

«Тексеру барысы мемлекеттік қызметкерлердің демалыс  және мереке күндері, кешкі жетіден кейін жұмыста қалып  отыратындығын көрсетті. Соның ішінде Сайрам, Отырар, Бәйдібек және Мақтарал аудандарындағы мемлекеттік қызметшілердің 25 пайызында осындай анықталған. Кейбір мемлекеттік мекемелердің 40 пайызға жуық қызметкерлері жұмыстан тыс уақытында жұмыста отыратынын көрсетіп отыр»,- деді Ғалым Тұрсынбаев.