Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты өзгерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшілерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олардың жұмыс уақыты сағат 17.30-да аяқталады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

kyzmetker

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша Агенттік төрағасының тапсырмасымен агенттік және оның аумақтық бөлімшелері жаңа жұмыс уақытына көшіп, пилоттық режимге ауысайды. Сағат таңғы 9.00-де басталатын жұмыс кестесі енді 8.30-да басталады. Ал түскі ас уақытын 1,5 сағаттан 1 сағатқа қысқарту арқылы Агенттік қызметкерлері үйлеріне сағат 17.30-да қайтады. Бұл пилоттық режимнің нәтижесі оң болса басқа да мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. 

«Бұдан қандай пайда көреміз? Біріншіден, мемлекеттік қызметші отбасына және жеке өзіне көбірек көңіл бөледі. Өзін жетілдіруге уақыты болады. Спорттық секцияларға, мәдениет ошақтарына бара алады», — дейді Бердалин.

stan.kz