Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге болмайды

0
16 Қараша 2018, 20:39 306 0

Астана, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығында айтылды, деп жазады altaynews.kz.

«Алда түрлі мерекелер, жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Соны пайдаланып, басшыларыңызға, жоғары тұрған шенеуніктерге жақсы көріну үшін сыйлық жасауға тырыспаңыздар. Бұл мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіреді. Сіздерге нақты айтарым, қалталарыңыздан ақша шығарып, қымбат сыйлық алғанша, шынай ықыласпен ізгі тілектеріңізді жеткізсеңіздер де жеткілікті», – деді кеңесте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ