Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға қайта мүмкіндік береді

0
32

Жақын арада мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат ететін болады. Бұл туралы ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

«Мемлекеттік орган орналасқан мекеме иелері полициямен бірлесіп қажетті нұсқаулыққа қол қоюы қажет. Сол уақыттан бастап, мемқызметкерлер сол ғимаратта смартфон қолдана берсе болады. Ақпараттық қауіпсіздік әлбетте толығымен мемқызметкерлер мен меморган басшылығының жауапкершілігінде», – деп атап өтті министр, үкімет отырысындағы журналистер сауалына.

Айтуынша, үкіметке аталған қаулыны қарастыру бүгін тапсырылды және қолдау тапты.

«Бүгін қаулы бекітілді. Мекеме басшылары мен полиция арасындағы нұсқаулыққа жақында қол қойылады. Бұдан соң  мемқызметкерлер смартфон ұстай беретін болады», – деді Жұмағалиев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев меморгандағы нұсқаулықтар бір айдың ішінде дайын болса, жылдың соңына дейін үлгеруге болатындығын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл біздің басымыздан өту керек болған дүние. Аталған мәселеге қатысты, бірнеше факторды атап өтуге болады. Оның ішінде смартфонға тәуелділік те бар. Егер қауіпсіздікке қатысты проблемалар болса, смартфонға қайтадан тыйым салынуы мүмкін», – деді Дәурен Абаев.

stan.kz