Мемлекеттік қызметке тұру кезінде қазақ тілін білуді міндеттеу жоспарланып отыр
Мемлекеттік қызметшілерге қызметке тұру барысында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, т.б қызметкерлерге қызметке тұру барысында «Қазтест» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі, — делінген министрліктің Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжымырымдасында.
Алайда бұл ұсыныстың іске асыру мерзімі хабарланбаған.
«Қазтест» – Қазақстан азаматтарының және республика аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің қағидаттары мен талаптарына негізделген азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.