Мемлекеттік қолдау қайтарымды талап етеді — Қазақстан жаңалықтары
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» қауымдастығының мәліметінше, өткен жарты жылдықта қазақстандықтардың 30 мыңнан астамы жаңа автокөлік сатып алған.
2018 жылмен салыстырғанда сату 18% өсті, бірақ нарықты 2014 жылдың деңгейіне дейін қалпына келтіру туралы айту әлі ерте.
Автоөнеркәсіпке неге қолдау қажет
Қазақстандық автонарық 2014 жылы шарықтау шыңында болды – бір жыл ішінде ел тұрғындары автосалондардан 160 мыңға жуық жаңа автокөлік сатып алды; негізгі капиталға есептегендегі кәсіпорындардың меншікті инвестициялары 14 млрд теңгеден астам қаржыны құрады. Алайда мемлекет үшін де, бизнес үшін де валюта нарығындағы күтпеген оқиғалар халықтың сатып алу қабілетінің күрт төмендеуіне себеп болды. Нәтижесінде елдегі автоөнеркәсіптің ірі өндірістік қуаттарын салу мерзімдеріне өзгерістер енгізілді. Елімізде автомобиль өндірісі күрт қысқарды: 2014 жылы 40 мыңнан, 2015 жылы 15 мыңға дейін және 2016 жылы 7 мыңға дейін төмендеді. Ұзаққа созылған дағдарыс басталды.
«КазАвтоӨнеркәсіп» салалық қауымдастығының деректері бойынша
Еліміздің автоқұрастыру кәсіпорындары, автосалондар, олармен бірге мыңдаған қызметкер бірнеше жылдан кейін ғана тоқтап қалған нарықтың құлдырауына тап болды. Елде өндірістің құлдырауымен бір мезгілде көмескі импорт үлесінің күрт өсуі орын алды, соның салдарынан салық төлемдерінің төмендеуі, демек – мемлекеттен ақшаның кетуі мәселелері туындады.
Банктік несиелеудің қысқаруымен қоса ілескен сатып алу қабілетін қолдау үшін 2015 жылдың сәуір айында мемлекет жеңілдікті несиелеудің бағдарламасын іске қосты. Отандық автокөліктерді таңдаған тұтынушыларды қолдауға 42 млрд теңге бағытталды, олар қайтарымды негізде Ұлттық қордан бөлінеді. Осы шаралардың арқасында банктер теңгелік өтімділікке ие болды, сала – қалпына келтіру мүмкіндігін алды, ал тұтынушылар болса – Қазақстанда шығарылған жаңа автомобильді сатып алу үшін тартымды жағдайға қол жеткізді. Соңғы жағдай осы бағдарламаның ең шеткі бұрышты іргетасына айналды.
2018 жылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 3 252 автокөлік сатып алынды, бұл қазақстандық автозауыттардың сатылымының 10,9%-ын құрады. Жергілікті өндірістің автомобильдеріне сұраныс нарықты қалпына келтірудің маңызды факторына айналды.
Жеңілдетілген несие беру қазақстандықтардың арасында сұранысқа ие болғаны соншалықты, бүгінде бұл сұраныс бағдарламаның мүмкіндіктерінен еселеп асып түсіп отыр – әрбір транш санаулы апта ішінде таусылады. Бағдарламаны қорландыруды неғұрлым қарқынды ете отырып, халық арасында жоғары сұранысты қанағаттандыруға болады.
Тұтынушы – мемлекет пен бизнес – ел үшін жаңа әрі біртұтас саланы қалыптастыру үшін қолданатын күш-жігердің түпкі бенефициары болып табылады. Тек тұтынушы «Әмиянымен дауыс бере отырып»: шетелдік немесе қазақстандық кәсіпорындардың дамуына үлес қосу мәселесінде өз таңдауын жасайды.
Еліміздің индустриялық қоржынындағы автоөнеркәсіптің салмағы
2018 жылы көлік өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар қазынаға салық түрінде 54,9 млрд теңге төледі, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 24% артық. Бұл айсбергтің шыңы ғана, мемлекет пен қарапайым тұрғындар үшін негізгі артықшылықтар одан да көп, бірақ оларды талқылау бұл жерде орынсыз. Автоқұрастыру кәсіпорындарының негізгі капиталға өз инвестициялары ғана 3,2 млрд теңгеге жетті, ал елдің ІЖӨ-нің үлесі – 206 млрд теңгеге жетті.
Автоөнеркәсіптің құзыреттілікті дамытуға, елдің технологиялық деңгейін арттыруға, әлеуметтік қорғауға және экономикалық қауіпсіздікке қосқан үлесін бағалау қиын. Бұл сала Қазақстандағы машина жасаудың локомотивіне айналды және мұндай динамиканы сақтайтын болсақ, ол болашақта да экономиканың ең жылдам өсіп келе жатқан секторы болып қала береді.
Ағымдағы жылдың алты айында елімізде жүк көліктерін, автобустарды және арнайы техниканы есепке ала отырып, 20,5 мың машина өндірілді – бұл саланың 2014 жылды аяқтаған нәтиженің жартысына тең, осыдан кейін біршама сынақ кезеңдері келді.
Дамудың дұрыс векторы
Егер 2016 жылы импорттың нарықтағы үлесі 75%-ды құраса, 2018 жылы ол 51%-ға дейін қысқарды, ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сатып алушылардың 45%-ы импорттық автокөліктерді таңдады. Сонымен қатар, импорттық автокөліктерге жұмсалған шығындар 164 млрд теңгені немесе Қазақстан тұрғындары ағымдағы жылы жаңа авто сатып алуға алты ай ішінде жұмсаған ақшаның 58%-ын құрады.
2018 жылы елімізде жаңа автокөліктерді сату 58 мыңға жетті, оның 29,6 мыңы Қазақстанда жиналды. Жергілікті өндірушілер клиенттердің тілектерін тыңдайды және сатып алу үшін икемді шарттарды ұсынады. Статистика тек бағыттың дұрыстығын растайды, бірақ саланы қалпына келтіру үшін қабылданған күш-жігер мүлдем жеткіліксіз болып отыр: елдің автомобиль паркі ескіріп келеді.
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Одағының мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автомобильдердің 50%-дан астамының жасы 20 жылдан асады. 20 жастан асқан көлік құралдарының үлесі 2018 жылғы қаңтар-мамырда 39,4%-дан ағымдағы жылы 43,1%-ға дейін өсті, ал 1 жастан 3 жасқа дейінгі көлік құралдарының үлесі 4,5%-дан 3,5%-ға дейін қысқарды.
Машина жасауды дамытудағы мемлекеттің рөлі
Елдегі шикізаттық емес сектор жобаларының ірі инвесторына айналған Қазақстанның Даму Банкі – отандық машина жасау және автопром кәсіпорындарының серіктесі. ҚДБ қоржынында саланың жобалары инвестиция көлемі бойынша төртінші орында тұр. Бұл бағытта ҚДБ осы салада жұмыс істеген уақытта $291 млн және 55,6 млн теңге инвестициялады.
Сондықтан ҚДБ жеңілдікті несиелеу бағдарламасының операторы болып кездейсоқ таңдалмаған. Тұтынушылық белсенділікті қолдайтын құрал ретінде бағдарлама нарықтың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Бірақ толыққанды даму үшін өндіріске де қолдау қажет.
Қазақстанның Даму Банкінің деректері бойынша
Сонымен қатар, автомобиль саласы ҚДБ үшін қоржынды әртараптандыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Бүгінгі таңда ҚДБ қаржыландырудағы алты машина жасау жобасының төртеуі Қостанайда бір өндірістік алаңда орналасқан.
Қазақстанның Даму Банкінің деректері бойынша
Қаржы институтының инвестициялық несиелеріне кеңейтілген қол жеткізу автомобиль саласының негізгі кәсіпорындарына өндірісті сапалы жаңа деңгейге шығаруға және экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ҚДБ сапалы, тиімді жобалар есебінен қоржынды әртараптандыру мүмкіндігіне ие болады.
Көрсетілетін саланы қолдаудың осындай көлемі кезінде мемлекет инвестицияларды: өндірістік қуаттарды өсіру, жаңа жұмыс орындарын құру, білікті кадрларды оқыту және ең бастысы – салық түсімдерінің өсуі түрінде қайтаруға құқылы.
Жалпы жарты жыл көлемінде автоөндірушілер республикалық бюджетке салық түрінде 2,45 млрд теңге салды. «АЗИЯ АВТО» зауытының үлесіне барлық сала салықтарының жартысына жуығы – 47,8%-ы келді, бұл нарықтық ұстанымдармен тығыз байланысты.
ҚР автоөндірушілерінің салық түсімдері және сатуы |
|||||
№ |
Өндіруші |
Сату, бірл. |
Үлес, % |
Салықтар, млн тг |
Үлес, % |
1 |
«АЗИЯ АВТО» АҚ |
10 025 |
56 |
1 170 |
47,8 |
2 |
ТОО «СарыаркаАвтоПром» |
7 091 |
39,6 |
309,7 |
12,6 |
3 |
«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ |
271 |
1,5 |
632,7 |
25,8 |
4 |
«СемАЗ» АҚ |
328 |
1,8 |
105,4 |
4,3 |
5 |
«Hyndai Trans Auto» ЖШС |
103 |
0,6 |
72,9 |
3 |
6 |
«Уральскагрореммаш» АҚ |
— |
— |
124,5 |
5,1 |
7 |
«Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС |
95 |
0,5 |
38,5 |
1,6 |
|
Жиыны: |
17 913 |
|
2 453 |
|
ҚР ҚМ МКК және «Қазавтожол» салалық қауымдастығының деректері бойынша
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы өзінің жұмыс істеу барысында 550 мыңнан астам автомобильді сатса, ал 2003 жылдан бастап топтың салық аударымының көлемі жарты миллиард доллардан ($ 501 млн) асып түсті. 10 жыл қатарынан аталған топ салық түсімдерінің көп бөлігін қамтамасыз ете отырып, саладағы бірінші нөмірлі салық төлеуші болып қалады. Компаниялар тобы қызметінің көрсеткіштеріндегі өзгерістер және оның нарықтық үлесі салық төлемдері сомасының өзгеруіне сәйкес келуі маңызды болып отыр. 1992 жылдан бастап қазақстандық автоөнеркәсіпті дамытуға компания тобының меншікті инвестициялары шамамен 500 миллион долларды құрады. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» қызметкерлерінің штаттық саны – 5 мыңнан астам адам.
Салық түсімдерінің көлемі кәсіпорынның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесінің негізгі көрсеткіші ретінде мемлекеттік қолдау құралдарына қол жеткізуді ұсынуда шешуші фактор болуы тиіс. Мұндай тәсіл мемлекеттік инвестицияларды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Инвестициялық несиелерге қызмет көрсетумен қатар сала кәсіпорындары салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етуі тиіс — бұл жағдайда автоөнеркәсіптің дамуы барлығына: мемлекетке, бизнеске, ең бастысы –тұтынушыларға барынша пайда әкеледі.
stan.kz