Мемлекеттік органдардың деректер базасындағы қателікті жою жеңілдейді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандықтар көлік, жер және жылжымайтын мүлікке байланысты актілерді толтыруда жіберілген қателікті жоюға онлайн өтініш жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Мемлекеттік органдардың деректер базасындағы қателіктерді жоюды жеңілдету мәселесі цифрландыру жөніндегі комиссия отырысында қарастырылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

«Өткен жылы әділет министрлігімен бірге акт жазбаларына түзету енгізу сервисін жүзеге асырдық. Тұрғындар деректердегі қателіктерді көрсе, онлайн өтініш жасап, түзете алады. Осының арқасында базада 36 575 түзету жасалды. Ол үшін үйден шығудың қажеті жоқ «, – деді министр.

Енді мұндай сервис eGov пен өзге мемлекеттік органдардың базасында іске қосылады.

«Көлік, жылжымайтын мүлік, жер иесі туралы мәліметте қателік кетсе, онлайн өтініш беріп түзетуге болады. Премьер-министр бұл идеяны қолдады. Жақында сервис eGov базасында қолжетімді болады деп ойлаймын», – деді министр.

Соңғы бірнеше жылда мемлекеттік органдар мәліметтерді түзету, тексеру жұмысын жүргізді. Ондаған жылдар бойы жаңартылмаған ақпарат тазартылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз