Мемлекеттік марапаттарға ие болды

0

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Қ.Бәйменова, Жам­был облысының «Шәушен» ШҚ басшысы С.Дөненбаев жә­не Шымкент қаласының «А.С.Пуш­кин атындағы №1 мектеп-гим­назиясы» КММ мұғалімі А.Со­ло­вьеваға берілді. 

«Отан» орденімен − «М.Лер­мон­тов атындағы мемлекеттік ака­демиялық орыс драма театры» РМҚК көркемдік жетекшісі Р.Ан­дриасян, І дәрежелі «Барыс» орденімен − «Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік акаде­ми­я­лық би театры» РМҚК дирек­торы Б.Аюханов, қоғам қайрат­кері Ж.Кәрібжанов, ІІ дәре­желі «Барыс» орденімен − «Ұлт­тық ғылыми медициналық орта­лық» АҚ басқарма төрағасы А.Бай­ген­жин, жазушы Қ.Жұма­діл, «Қазақ ұлттық өнер уни­вер­­ситеті» РММ профессоры С.Ора­залы, ІІІ дәрежелі «Ба­рыс» ор­денімен − Ұлттық банк­тің бас маманы-жобаның бас ди­зай­нері М.Әлі, Қостанай облы­сының «Агрофирма «Диевс­кая» ЖШС бас директоры О.Да­ниленко, «Қазақ ұлт­тық аграрлық университеті» РММ профессоры Р.Елешев, Қы­зыл­орда облысының «Рза» АҚ пре­зиденті С.Имандосов, Қара­ған­ды облысының «Қайнар» ЖШС директоры С.Нығметов, «Ар­да­герлер ұйымы» РҚБ Орталық ке­ңес төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев және басқалар марапатталды.

Бір топ белгілі ғалымдар мен мә­дениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында «М.Әуезов атындағы Қазақ мем­лекеттік ака­демиялық драма театры» РМҚК әртісі Ғ.Әбдінәбиева, Ғ.Құр­ман­ғалиев атын­дағы Батыс Қазақ­стан облыс­тық фи­лар­мония­сы» МКҚК әншісі Х.Бер­діға­лиев, «Астана қаласының Мем­лекеттік академиялық филармо­ниясы» МКҚК оркестрінің бас дирижері А.Жайымов, киноактер А.Ысмағұлов, Павлодар облы­сының «Галицкое» ЖШС ди­ректоры А.Касицин, Ал­маты об­лыстық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Е.Келемсейіт, «С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агро­тех­никалық университеті» АҚ басқарма төрағасы А.Күрішбаев, жазушы М.Сәрсеке, Атырау қа­ла­сының «Н.Тілендиев атын­дағы Кіші өнер академиясы − да­рынды балаларға арналған интер­нат­тық мекемесі бар ма­ман­дандырылған мектеп» ММ директоры Д.Таскарина, Шығыс Қазақстан облысының «Элхон» ЖШС директоры Л.Тумашинов, «Шымкент қаласының №9 көр­кем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Ә.Юсупова бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне дипломатиялық қызметтің ар­дагері А.Арыстанбекова, Жам­был облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауым­дастығы» ҚБ құрметті прези­денті Л.Буларов, «Эйр Астана» АҚ президенті П.Фос­тер, Астана қаласының «Қ.Қуа­нышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театры» МКҚК көр­кемдік жетекшісі Т.Те­ме­нов, «Әзербайжандар қауым­дас­тығы» РҚБ жетекшісі А.Хамедов және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденімен мара­пат­талғандар қатарында жазушы З.Асабаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ − «Маң­ғыс­тау магистральдық желі бөлім­шесі» филиалының жол шебері Р.Ата­шев, «Астана Опера» Мемле­кеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші балет со­лисі М.Басбаева, айтыс ақы­­ны Ә.Беркенова, Түркіс­тан облысының «Облыс­тық клини­калық ауруханасы» МКҚК бөлім меңгеру­шісі Н.Жар­қынбекова, «М.Лермон­тов атындағы мем­лекеттік ака­де­миялық орыс драма театры» РМҚК әртісі Н.Жмеренецкая, «Тараз мем­лекеттік педагогикалық универ­ситеті» РМК профессоры К.Жол­дасова, Қарағанды қаласының «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» облыстық ерік­ті мүгедектер қоғамының төра­ғасы А.Ивкин, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК баспашысы Қ.Ыдырысов, фристайл-могулдан ұлттық құрама командасының бас жат­тық­тырушысы Е.Круглыхина, Астана қаласының «№73 мек­теп-лицейі» КММ мұғалімі Т.Мың­жасарова, «Павлодар мемле­кеттік педагогикалық универ­ситеті» РМК ректоры А.Нұхұлы, «Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситеті» ММ Алтайтану орталы­ғының директоры Қ.Сарт­қо­жаұлы, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ кафедра меңгерушісі Д.Тұранқұлова бар.

Өнеркәсіп, транспорт, құ­ры­лыс, ауыл шаруашылығы жә­не басқа материалдық өндіріс сала­ларының 88 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.

«Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің 35 көр­некті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 326 адам наградтал­ды.

Әскери және қызметтік бо­ры­шын үлгілі атқарғаны, заң­­ды­лық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлт­тық қауіпсіздігі мен қорғаныс қа­білетін нығайту кезінде көрсет­кен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәре­желі «Даңқ» орденімен, І, ІІ жә­не ІІІ дәрежелі «Айбын» орден­дерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. 

Наградталғандардың тізімі жер­гілікті баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: http://egemen.kz/