Мемлекеттік грантқа бөлінген 22 млн теңге жымқырылды

0

«Maxvidl» ЖШС басшысы Рахимов А.М.-ға қатысты бюджет қаражатын жымқыру және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық экономикалық тергеу департаменті анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоғарыда аталған азамат «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ-на 2016 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта Пермьде (РФ) «Поток-М» ЖШҚ-ның өндірістік цехтарында өз қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізубойынша қызметтерін алғанын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 22 миллион теңгеден астам сомадағы қаражатты жымқырған.

Бұл қаражат еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға арналған еді.

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен Рахимов А.М. ҚР ҚК-нің 190 б. 4-б. 2)-т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 4 жыл мерзімге индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айырумен шартты түрде 3 жыл 9 ай тағайындалды.