Мемлекеттік бюджеттен Назарбаевтың кеңсесіне 5 миллиард теңге бөлінді

0

Елбасы кеңсесін үш жылға  республикалық бюджеттен бес млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәртебесін ресми түрде жоғалтқаннан кейін қаржыландыру айтарлықтай төмендейді.

Бұл туралы Үкімет аясында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Заңға тәуелді актілер бар, жарлықтар, қаулылар бар. Барлық өзгерістер енгізілгеннен кейін біз қаржыландыруды табиғи түрде қысқартамыз. Кейбір жерде біз қаржыландыруды мүлдем алып тастаймыз. Біз үшін, бұл түсінікті, заң бірінші болып табылады. Осыдан кейін біз қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біз біртіндеп қысқартамыз», — деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz