Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

0

Бүгін, 1 тамызда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізім жарияланды. Толық тізімді үкімет қаржыландыратын басылымдар сайттарында (Egemen.kz және Kazpravda.kz) жариялады.

Жаңа, 2019-2020 оқу жылына барлығы 53 785 грант бөлінген. Конкурсқа 64 452 түлек қатысқан. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47 пайызынан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.

Бұған қоса білім және ғылым министрлігі абитуриенттердің жекелеген санаттарына қанша грант бөлінетінін жариялаған.

«Квотаға құқығы бар абитуриенттер арасында ата-анасыз қалған 521 бала, Бірінші және екінші топтағы мүгедек 377 бала, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің балалары – 15 және Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтардың балалары – 872» деген білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.

Azattyq