Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

0

Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы ЕО-ның «Support to the Public Administration Capacity Building in Turkmenistan» атты жобасының қолдауымен МРА (Master of Public Administration) магистрлік бағдарламасын ашу бойынша негізгі әріптес ретінде біздің Академияны таңдады. Екі Академия басшыларының арасындағы тығыз байланыс қысқа мерзім ішінде тренинг ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Тренинг аясында Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының оқытушылары білім беру бағдарламалары мен силлабустарының дизайнін жасау тәжірибесімен ғана танысып қоймай, сонымен бірге MPA бағдарламалары мен пәндердің оқу бағдарламаларының бастапқы нұсқаларын дайындауға да қатысты. Тренинг тәлімгерлік қағидаты негізінде ұйымдастырылып, тренингтің әрбір қатысушысына мамандану саласына байланысты Академия профессорлары Марта Әбдіxалықова, Гүлсара Әшірбайқызы, Ерлан Әбіл бекітілді. Түрікменстандық әріптестер сабаққа қатысу, Академия кітапxанасында жұмыс істеу, қандай да бір саланың сарапшыларымен кездесу мүмкіндіктеріне ие болды.

Тренингтің соңында тыңдаушылар жобаның менеджерлері Silvia Pietropaolo және Milch Folkert, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы Фатима Жақыпова мен Айгүл Көшербаеваның алдында өз силлабустарын жария түрде таныстырды.

Екі Академия ынтымақтастығының жағымды нәтижелері қазақстандық Академия қабырғасында екінші тренинг өткізу және пәндерді әдістемелік толықтыру бойынша консультациялар жүргізу үшін Ашғабадқа тәлімгерлер жіберу келісіміне алып келді».

«Егемен ақпарат»