Мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар тізімі өзгерді
42 500 теңге төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысындағы немесе кірісін жоғалтқан адамдарға беріледі
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алатын азаматтардың тізіміне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңгеге өтінім берген мемлекеттік және бюджет қызметкерлері ұятқа қалды
Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысындағы немесе кірісін жоғалтқан адамдарға беріледі:
- Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
- Карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
- Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
- Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
- Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
- Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты халықтан 42 500 теңге төлем алуға 5,9 миллион өтінім түскен. Соның ішінде 2,15 миллион, яғни 37% бойынша төлем тағайындалған жоқ.
sputniknews.kz