Мемлекеттен 300 миллион теңге бөлінген фильм 7 мың теңге пайда тапқан — сенатор

Сенатор Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында фильмдерге бөлініп жатқан қаржының тиімсіз игеріліп жатқанын айтты. Бұл мәселе «Қазақфильм» АҚ-ға қатысты.
«Осыдан бөлек қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде «Қазақфильмге» кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталды», — деді ол.
Депутат сөзіне нақты мысалдар келтірді.
фото: trtavaz.com