Мемлекет Назарбаевқа арналған жобаларға қанша қаржы бөлді?

0

Жуырда режиссер Оливер Стоун Н.Ә.Назарбаев туралы түсірген фильмге Тұңғыш Президент қоры 7 миллион доллар төлегені туралы ақпарат тараған болатын.  Назарбаев туралы тағы қандай фильмдер түсірілгенін және олардың қаншасына мемлекет демеушілік көрсеткенін Orda.kz тілшісі анықтады.

Редакцияға 2019 жылға дейін мемлекет қаржысына түскен барлық қазақ фильмдері туралы ақпарат бар құжаттар келген. Сондай-ақ онда олардың премьералары, кассалары және олар қатысқан фестивальдеріне дейін көрсетілген.
Мәдениет министрлігінің өзі, өкінішке орай, мұндай статистика жасамайды, ал студиялар коммерциялық құпияны алға тартып, мәліметтерді баспасөзге беруден бас тартады.

Нұрсұлтан Әбішұлына арналған алғашқы киножоба 2009 жылы «Н. Назарбаев глазами выдающихся мировых лидеров»  атауымен жарық көрді. Жоба құны 63 миллион теңгені құрады, бұл сол стандарттар бойынша өте қарапайым бюджет еді.  Мәселен, сол жылы шыққан Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары» фильмі 200 млн.теңгені құраған.  Бірақ журналистер фильмнің өзін де, ол туралы мәліметті де таба алмады. Құжатта Рашид Сүлейменов түсірген фильмдердің прокатқа 2009 жылдың желтоқсан айында шыққаны ғана көрсетілген.

Рашид Сүлейменов Назарбаевтың деректі фильмінің режиссері ретінде жұмысын әрі қарай жалғастырды.  2011 жылы ол жобаның он сериядан тұратын туындысын түсірді.  Бұл жолы бюджет 120 миллион теңгеге жеткен. 2011 жылы бюджеті нақтыланбаған «Пять вечеров с президентом» бес сериялы жобасын қолға алды. Ал 2015 жылы Сүлейменов 18 имидждік фильмнен тұратын «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы.  – Модернизация хроникасы» жобасына 230 млн. тенге жұмсады. Фестивальдер мен гонорар туралы ақпарат болмағандықтан, Сүлейменовтің деректі фильмдері теледидардан ғана көрсетілді деген болжам бар.

2011 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен қалыптасу жолына арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімінің көрсетілімі жарыққа шықты.  Режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмдер топтамасы 647 миллион теңгеге түсірілген. Ал көрсетілімі небәрі 27 миллион теңге жинаған.

2013 жылы эпопеяның келесі «Отты өзен» және «Темір тау» екі фильміне барлығы екі миллиард теңге бөлінген болатын.  Бұл фильмдердің кассасы туралы ақпарат жоқ. 

Төртінші фильм «Так сложились звезды» 2016 жылы  ресейлік режиссер Сергей Снежкин 1,2 миллиард теңгеге түсірді. Сол жылы бұрынғы Мәдениет министрі алтыншы фильмді түсіруді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

2018 жылы Әбдірашевтың қолынан эстафетаны Ақан Сатаев алып, бюджет құны екі есеге өсті.  Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы баяндайтын киноэпопеяның төртінші бөліміне 2,1 миллиард теңге бөлінді.  Прокатта фильм 3 миллион теңге жинады.

Фильм де, бюджет те көп, алайда қаралым тым аз. Алдағы уақытта халықтың жағдайын жақсартатын жобалар қолға алады деген сенімдеміз.

Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters