МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ | «Айқын» газеті

0

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Елбасы биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журна­листердің сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мем­лекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан ары жалғастырудың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды. Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 28 желтоқсанда республикалық телеар­налардан көрсетіледі.

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз