Мемлекет басшысы қаза болған «Охотзоопром» инспекторын марапаттады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Инспектор Әділ Кенжеғұлов браконьерлер мінген көлікті қуып бара жатқанда жол апатына ұшырап, көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын»орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Ақорданың сайтында жарияланған мемлекет басшысының жарлығында Әділ Кенжеғұлов қайтыс болғаннан кейін марапатталып жатқаны айтылған.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын «, — деп жазылған жарлық мәтінінде.

Инспектор «Охотзоопрома» Адиль Кенжегулов погиб в результате опрокидывания служебного автомобиля во время погони за браконьерами в Жалагашском районе Кызылординской области. Нарушителями оказались местные жители.

«Охотзоопром» инспекторы Әділ Кенжеғұлов Қызылорда облысының Жалағаш ауданында браконьерлерді қуып бара жатқан кезде қызметтік көліктің аударылып кетуі салдарынан қайтыс болды. Заң бұзғандар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев браконьерлердің жазасын күшейтуді тапсырды

Осы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды – «Заңсыз аң аулау» (Қылмыстық кодекстің 337-бабы) және «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу» (Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі). Заңсыз аңшыларға тиесілі «УАЗ» автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Браконьерлерді 200 АЕК (505 мың теңге немесе 1,3 мың доллар) көлемінде айыппұл салудан бастап 50 күнге қамауға дейін жаза күтіп тұр.  



sputniknews.kz