Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» ДБҰ ғылыми-зерттеу кешеніне барды

0
01 Желтоқсан 2018, 14:33 164 0

Фото: Аkorda.kz

Астана, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні, Елбасы «Назарбаев Университетінің» жаңа C-4 ғылыми-зерттеу кешенін, сондай-ақ университеттің ғылыми жобаларының көрмесін тамашалады.

Көрмеде инжиниринг, биомедицина, жаңа материалдар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалар көрсетілді. Жалпы аумағы 18 мың шаршы метрден астам С-4 ғылыми-зерттеу кешенінің құрамына 117 жаңа инженерлік-техникалық және химиялық-биологиялық зертханалар енгізілген.

Қазақстан Президенті кешеннің электронды микроскопия зертханасы, атомдық күштік микроскопия зертханасы, робототехника және интеллектуалды жүйелер зертханасы, алдыңғы қатарлы робототехника және мехатрондық жүйелер зертханасы, энергетикалық ғарыш зертханасы секілді бес зертханасында болды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ