Мемлекет басшысы бүгін «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысады

0

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды, – деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін айтып, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірген болатын.

фото: Akorda.kz