Мектептің төбесі опырылып, оқушыларға құлады
Ақтөбеде мектептің төбесі опырылып түсіп, салдарынан оқушылар зардап шекті.
Оқиға 30 қарашада №40 мектепте орын алған. ТЖК мәліметінше, мектептің 2-қабаттағы акт залының төбесі құлаған. Нәтижесінде 9 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 9-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды. Қалған 8 оқушы үйлеріне жіберілді. Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысының сөзінше, балалардың денесі көгеріп қалған.
«Акт залындағы киім ауыстарытан бөлменің төбесі құлады. Мектеп қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақыртқан. Қалалық әкімдікпен комиссия құрылды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтайды», – дейді облыстық әкімдіктегілер.
Дереккөз: Stan.kz