Мектепке хиджабпен келуге бола ма?- Білім Министрі жауап берді

0

Оқушылар білім беру мекемесіне заңда белгіленген киімде келуі тиіс.

Білім министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысы аясында журналистердің «хиджабпен мектепке келуге бола ма?» деген сұрақтарына жауап берді.

«Барлық оқушылар талаптарға сәйкес мектепке мектеп формасында келуі керек. Сіз мұны жақсы білесіз. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалады. Бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ — барлығы заң аясында және бекітілген талаптарда орындалады», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілердегі кейбір ата-аналардың қыздарына мектепке хиджаб киюге рұқсат етілмесе, митингке шығатынын жеткізген сөздеріне түсініктеме берді.

«Сіз мектепке барудың мақсаты сапалы білім алу екенін білесіз. Ата-аналарға мұнда басқа сұрақтар қоюдың қажеті жоқ. Бала білім алуы керек және ата-ана бұған ықпал етуі керек. Біз бәріміз Заңды ұстануымыз керек. Бұл талап. Бұл тұрғыда бізде ештеңе өзгерген жоқ», — деді Бейсембаев.

фото: primeminister.kz