МЕКТЕП ТУРИЗМІ ЖАҢҒЫРСА… | «Айқын» газеті

0
145

Елбасының кезекті Жолдауында жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру, емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілін енгізген учаскелік дәрігерлер жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту тапсырылды.

Өмір сүруге жайлы орта қалып­тас­тыру, ең алдымен, тұрғын үйдің қол­же­тімділігімен байланысты. Олай бол­са, «Нұрлы жер» бағдарламасын та­бысты іске асыру маңызды. Тұрғын үй ипо­те­касының қолжетімділігін арт­ты­ратын жаңа ауқымдағы «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы да өз нәтижесін беруі тиіс.
Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат «Сапа» – мем­лекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуы керек. Тиімді сыртқы саясатты жүргізуде «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы көрші Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін бергенін атап өтер ек.
Елімізде оң өзгерістер орын алға­нын қаласақ, оған әрбір қазақстандық атсалысуы керек. «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Өз жеріңді танып біл» бас­тамасы аясында өңірлер бойынша жап­пай мектеп туризмін қайта жаң­ғыртса, нұр үстіне нұр болар еді.
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – тәуелсіз мемле­кетіміздің мәңгілік мұраты. Бұл, ең алдымен, ел ынтымағына байланысты дүние. «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген бабалар сөзі соның айғағы. Қазақстанның ба­ғын­дырар биігі әлі алда. Мемлекет бас­шысы келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Олай болса, біз де болашағымыз – жастарға сенеміз. Біздің елдің бағын ашар өресі биік жас көп болғай.

Қанат САТАНОВ,
«Жетісу» бастауыш партия ұйымының төрағасы

Дереккөз: Айқын