Мектеп табалдырығын 15 жаста аттаған жас ғалым қызға жапондықтар қолдау көрсетпек — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Оразымбет Аяжан өзінің ғылыми жобалары арқасында «Ең жас физик» атынып отыр. Жас қыздың университет қабырғсында жүріп-ақ алған атақ-дәрежесі бұл ғана емес. Жас ғалымның тағы қандай жетістіктері бар? Өандай жаңалықтар ашқалы жатыр? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін назарларыңызға Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі дайындаған сұхбатты ұсынамыз.
1.Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Қашан, қайда туылдыңыз? Мектеп кезіндегі, бала Аяжанның арманы мен қиялы кандай еді?
Мен Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келдім. Қойшы ауылда дүниеге келген соң, балалық шағым қозы, лақтың соңында өткенін жасырмаймын.Үйде бес қыз, бір ұлмыз. Әкем Тілеген Оразымбетұлы қазіргі таңда мекепте шаруашылық бөлімін басқарады. Мен мектепке баруымның өзі қызық болған. Отбасымыз шаруашылықпен айналысқан соң, жазда жайлауда, қыста қыстауда көшіп-қонып өмір сүруге тура келді. Отбасыма көмектесемін деп мектепке өз жасымда бара алмадым. Тек 15 жасымда 9-сыныпқа бірден қабылдандым. Оған дейін үйде әке-шешемнің үйреткені бар, өзім түрлі әдеби кітаптарды оқып сауап аштым. Бала кезден әлемді аралауды, өзімнің осы өмірде бар екенімді бәрі білсе екен деп армандадым. Қазір ол арманым ақырындап орындалып жатыр.
2.Ғылымға деген қызығушылықты қашан, қалай басталды?
Ең алғаш қолыма тиген кітап физика болды. Ол кезде тек суреттері қызықтырды. Түрлі құбылыстардың суреттерін өте қызықты етіп бейнелегендері мені өзіне баурады. Мектепке бармай тұрып та әкем мен шешемнің білімін алдым. Ата-анам да есепке, математикаға өте жүйрік болғандықтан, есепті кішкентай кезімнен жасқы шығардым. Бірақ физикаға деген қызығушылықтың басталуына мектептегі физикадан беретін жас мұғалім ағай әсер етті. Ол кісі өте сымбатты болатын. Сабағына үзбей қатысып, көргім келіп тұратын. Физика туралы қосымша ақпарат алғың келсе көп кітаптар оқы, менің курсыма қатыс деп ақылын айтып отыратын. Ол кездегі мендегі мақсат физика оқу емес, жас мұғалімнің сабағына көбірек қатысып, оны көп тыңдағым келді. Ол кісі бұл ғылым туралы көп мәліметтер айтты. Осылай физиканы оқып бастап кеттім.
3. ҚазҰУ-да 2-курстан бастап жұмыс жасаймын дедіңіз? Көпшілік «көке-жәкесінің» арқасы деп ойлауы мүмкін. Нақты қалай болды?
Қазақстанда «көке-жәке» деген ұғым бар. Бірақ ғылымға келгенде бұл ұғым жүрмейді. Шын білімді болсаң, кез келген жерде жол ашық. Менің курс оқытып, ғылымға бет бұрып жүргенімді жетекшім Медеу Ержанович көріп, түрлі проектілерде жұмыс жасауға ұсыныс тастады. Менің қарым-қабілетімді байқаған соң өз командасына алып, бірге жұмыс жасай бастадық.
6.Ғылым жолына түскен жастарға не айтасыз?
Ештеңе ешқашан кеш емес. Тек ерінбеңіздер. Ізденіңіздер.
7.Екінің бірі бұндай қиындығы көп ғылым жолымен айналыса алмайды. Қажыр-қайратты кайдан аласыз?
Біз отбасымызда көп балалы болаған соң, ата-анам маған ақша салып жібере алмайтын. Сол үшін студент кезімнен түрлі жүмыстарға барып істеп көрдім. Бірақ менің қолымнан адамдармен жұмыс жасаған келмейді екен. Сол себепті түрлі интелектуалды жарыстарға қатысып ақшалай сыйлықтар алып жүрдім. Бір жағынан ғылымға осылай қажеттілікпен келдім десемде болады. Одан соң 2-курсымнан бастап физика мен математика саласына қатысты барлық программа тілдерін үйреніп ақылы түрде студентерге үйрете бастадым. Жоғары математика, математикалық талдау 1, талдау 2, комплекс, дифур, вайпер математика, maple, corel draw т.б көптеген бағдарламалар үйрендім. Бір күнде 50 мыңдап тапқан кездерім болды. Ал осының барлығына бірдей үлгеру үшін мен күндіз түні оқитынмын, достармен қыдыру деген менде болмаған.Көп ешкіммен араласпадым.
8.Болашақтағы мақсаттарыңыз жайлы.
Осы жылы оқуымды үздікке аяқтап, ғылым жолына түсу және көп кешікпей тұрмыс құру. Мен үшін ғылым мен оқудан бұрын жар атану, ана болу басты мақсат болып тұр.
9. Өз проектілеріңіз жайлы айтсаңыз? Кандай пайда әкеледі?
Жапония ғаалымдары қолдауға ұсыныс білдіріп отырған менің жобам 4 дене қозғалысын есептеп шығару. Бұл әлем ғалымдары әлі ұсына қоймаған жаңалық. 3 дене қозғалысын есептеп шығарған ғалымдар бар. Бірақ 4 дене қозғалысын есептеудің жолдарын әле ешкім ұсынған жоқ. Менің ұсынысым өз дәлелдеуін тапса,әлемдік деңгейдегі жаңалық болары сөзсіз. Оған әрине бірнама жылдар қажет.
10. Жапонияда оқыған соң елге кайта ораласыз ба? Әлде сол жақта калып коясыз ба?
Менің бір ғана отаным бар. Мен басқа емес қазақ жерінде туғаныма мақтанамын. Өмірдегі ең үлкен жетістігім қазақстанда туылғаным шығар. Әрине оқып келген соң қайта ораламын. Мен қазақпын. Қазақ азааматына тұрмысқа шығып, отбасымда балаларыма дұрыс тәрбие берсем деген ой бар.
Автор: Мәлік Жанна
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!
stan.kz