Мектеп құрылысына бөлінген 45 миллион теңгені қалтасына басқан шенеуніктің әрекеті әшкере болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына үлкен көлемде ақшаны қолды қылды деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде жемқорларлар туралы хабар айтсаңыз, сыйақы аласыз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

«Осы жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Балқаш аймағы бойынша ауданаралық бөлімі Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Аспап» өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі «464 орындық мектеп құрылысы» нысанына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 45 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», — деді аға тергеуші.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

 

stan.kz