Мектеп өртеніп, 20 оқушы қайтыс болды

0
9494

Нигерияның Ниамея аймағында мектепте өрт болып, дайындақ және төменгі сыныптың 20 оқушысы қаза болды деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасаған zakon.kz.

Өрттен қайтыс болған балалардың ең үлкені 9 жаста.

Myc.news басылымның хабарлауынша, Нигерияның премьер-министрі Оухумуду Мухаммаду өрт себебін анықтауға уәде берген.

«Бұл алдын қасақана жасалған қылмыс болса, кінәлілер жауапқа тартылады», – дейді ол.

Полицияның мәліметінше, өрт сыныптардың біріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан басталған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары мен төтенше қызмет азғантай уақытта өртті ауыздықтай алған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету