Мектеп өртеніп, 20 оқушы қайтыс болды
Нигерияның Ниамея аймағында мектепте өрт болып, дайындақ және төменгі сыныптың 20 оқушысы қаза болды деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасаған zakon.kz.
Өрттен қайтыс болған балалардың ең үлкені 9 жаста.
Myc.news басылымның хабарлауынша, Нигерияның премьер-министрі Оухумуду Мухаммаду өрт себебін анықтауға уәде берген.
«Бұл алдын қасақана жасалған қылмыс болса, кінәлілер жауапқа тартылады», — дейді ол.
Полицияның мәліметінше, өрт сыныптардың біріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан басталған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары мен төтенше қызмет азғантай уақытта өртті ауыздықтай алған.