Мектеп оқушысы сыныптасын атып өлтірді

0
Мектеп оқушысы сыныптасын атып өлтірді


Оқушы сыныптасын үйден қуып шыға алмай, қолына қару алған. 

Ресейдің Свердлов облысындағы ауылда мектеп оқушысы сыныптасын аңшы мылтығымен атып өлтірді, тергеушілер қылмыстық іс қозғаған. Бұдан бұрын БАҚ өкілдері хабарлағандай, жасөспірімдер бірі екіншісін келеке етіп, салдарынан екеуінің арасында кикілжің туындаған. 

Оқушы араздасқан сыныптасын үйінен қуып шыға алмайды. Ақыры соңында аңшы мылтығын алып, оқ атыпты. Өңірлік Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, аталған дерекке тергеушілер қылмыстық іс қозғады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik