Мектеп оқушысы отқа оранған үйден екі сіңілісін құтқарып алды

0

Оқиға нәтижесінде егде жастағы ер адам қаза тапты.

Павлодарда жеке тұрғын үй өртеніп, төрт жастағы екі бүлдіршінді жалындаған өрттен мектеп оқушысы шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 21-ақпан күні сағат 15:29 Павлодардағы Карл Маркс көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

«Сағат 15:37 оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер пәтерлердің біріндегі үй заттары, жиһаз, ағаш дуалдар және үй шатырының ағаш құрылымдарының жанып жатқанын анықтаған. Қызыл жалын сағат 15:35 ауыздықталып, 19:51 толық сөндірілген. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар үй ішінен 4 газ боллонын қауіпсіз жерге шығарады. Өртті сөндіру кезінде мамандар жартылай жанып кеткен егде жастағы, 1948 жылғы ер адамның денесін тауып алды», — деді ТЖК.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйде болған 14 жастағы қыз бала 2015 жылы туған екі кішкентай сіңілісін терезе арқылы сыртқа шығарған.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz