Мектеп немесе көшеге «Грэмми» жеңіп алған Иманбектің есімін беру ұсынылды
Экономист Арман Байғанов мектепке немесе көшеге Иманбек Зейкеновтің есімін беруді ұсынды.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Көптеген қазақстандық жерлесіміз Иманбек Зейкеновтің жетістіктері үшін қуанып жүр. Көптеген атақты спортшыларымыз бен еліміздің қайраткерлері сияқты оның да құрметіне есімін өзі оқыған мектепке немесе көшеге беруді ұсынамын.
Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады, оның еңбегі мен табандылығының арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады және қазіргі уақытта әлемде адами капитал ең жоғары бағаланып отыр», – деп жазды қаржы кеңесшісі.
Еске сала кетсек, Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын Best Remixed Recording санаты бойынша жеңіп алған болатын.