Мектеп мен балабақшалардағы тамақтың сапасыз болуына жемқорлық себепші – Депутат

0

Депутаттар мектептер мен балабақшалардағы тегін тамақтандыруды ұйымдастыру барысын тексеретін республикалық комиссия құруды талап етуде. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілісмендер мектептегі тамақтың сапасыз болуына жемқорлық себепші екеніне сенімді.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы тапшылығынан рационы азайып барады. Мәселен елордада мектептер мен балабақшалардың азық-түлік жеткізушілерге берешегі бойынша үш қылмыстық істің тергеліп жатқанын анықталды. Бірінің 5 миллион теңгеге жуық қарызы бар.

“Мұндай істер осы салада орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Жағдай жылдан жылға қиындап барады. Бұл ретте мектеп немесе балабақша басшылығы мен жеткізушілер арасында өзара көмек жүйесі қалыптасады. Бұл жүйеде уәкілетті білім беру органдарының да бар екенін жоққа шығармаймыз”, – деді мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов.