Мектеп директорының МҰҒАЛІМГЕ ХАТЫ

1

Бір мектептің директоры жұмысқа тұрған әр мұғалімнің қолына мына хатты ұстатыпты.
«Құрметті мұғалім! Мен концлагерьде отырып шыққан адаммын. Мен көрген сұмдықты енді ешкім көрмесін. Менің көзім адам төзгісіз сұмдықты:

— инженер ғалымдардың газ камераларын қалай орнатқанын;
— білікті дәрігерлердің балаларды қалай улағанын;
— оқыған медбикелердің сәбилерді қалай өлтіргенін;
— жоғары оқу орнын бітірген азаматтардың оқ атып, әйелдер мен бүлдіршіндерді қалай аяусыз өртегенін;
— бір кісідей білімі бар мемлекет басшыларының, министрлер мен шенеуніктердің қатаң заң қабылдап, өз халқын қалай аяусыз қорлап, қырғандарын көрді.

Сондықтан мен «білімді» деген сөзге аса сенбеймін. Сіздерден өтінерім: бар күштеріңізді оқушыларыңыздың тәрбиелі, қайырымды АДАМ болуына жұмсаңыздар.
Күш-жігерлеріңізді оқыған жауыздарға, үйретілген психопаттарға, білімді Эйхмандарға, қатал, залым, менмен адамдардың өсіп шығуына жұмсамаңыздар!

Оқу, жазу, арифметика, физика, химия, әдебиет біздің балаларымыздың АДАМ болуына көмектесе бастағанда ғана маңызды. Сондықтан олардың ата-анасына балаларды дұрыс тәрбиелеудің маңызын жете түсіндіріңіздер! Ата-аналармен бірлесіп, есі дұрыс, тәрбиелі, мәдениетті адамдарды тәрбиелеудің маңызын айтудан жалықпаңыздар! Мүмкіндігінше балалардың тәрбиесіне көңіл бөліңіздер!

Оқушыларыңыздың өзгелерді мазақ қылмауын, әлсіздерді ренжітпеуін, өз араларында шынайы дос болуын, қыздарды сыйлауын, үлкендер мен қарттарды құрметтеуін, өзгенің дүниесін өлсе де иемденбеуін, еңбекті сүюін, мойнына жауапкершілікті ала білуін қадағалаңыздар. Оқушыларыңыздың кітапты сүйіп оқығаны маңызды. Кітап оқымаған бала көңілі соқыр, надан адам болады. Олардың жақсы адам боп қалыптасуына көмектесетін жақсы әдеттерді бойына сіңіре біліңіздер. Олар онсыз да өз бетінше тәрбиесіз, жаман адам боп өсе береді.

Тәрбиесі жақсы адамдар – ЖАСАМПАЗ адамдар! Олардың қоғам мен мемлекетке пайдасы ұшан-теңіз. Білімді болғанмен, тәрбиесі нашар болса, ондай адамдар – ҚИРАТУШЫЛАР. Қоғам мен мемлекетке зор қауіп төндіретін де солар!

Авторы – Джейкоб Броновски

@ Аударған – Аяужан Бүркітбай