Мектеп деген нәрсе атом қаруынан да артық қару…
Мектеп деген нәрсе атом қаруынан да артық қару…
Орыстандыру процессі совет заманында қатты жүрді де көптеген совет халқы орыстанып кетті. Соның бірі Ресейдегі қазақтар. Тіпті озбыр Қытай өкіметінің өзі Шыңжаңдағы қазақ мектептеріне бертінде — соңғы он жылда ғана ауыз салып қазақ мектептерін аралас мектеп қылып жатыр.
Арман Шораев «Ресейде қазақ мектебі жабылды» деген екен. Осы жерде біршама сұрақтар туындайды. Ол мектеп сол жақтағы қазаққа керек па екен өзі? Егер ол жаққа қазақ мектептері қажет болса, ол жақтағы миллионға жуық қазақтың неліктен үні шықпайды? Олар татар мен башқұр құрлы жоқ па? Татарлар өз мектептері үшін күресіп жүр, оны көріп жүрміз. Ал ресейлік бір қазақтың дыбысы шықпайды. Алысқа бармай ақ біз өзімізде «орыс мектебін жабамыз» десек, мында өзіміздің орекеңнің қалай шулайтыны да белгілі, мектебі үшін жаны шығатын халықтар осындай болады. Ал ана жақ бір тырс етпейді ау, тырс етпейді.
Ресейде қазақ мектебін бітірген ресейлік қазақ ол білімімен орыстілді Университетке барады, меніңше сонда қиналып қаламыз деп ол жақтағы қазақтар, орыс мектебін өздері таңдайтын болса керек.
Жалпы, біле білген адамға осы мектеп деген нәрсе атом қаруынан да артық қару. Атом қаруы тот басып, шіріп сол қалпы пайдаланылмай жата беруі және кетуі мүмкін, ал мектеп жаңа халықтар құрайды, ал жаңа халықтар жаңа территориялар сызады, жаңа мемлекеттер құрады.
Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 15 Пікірлер: 0