Мектеп бітіргенін теңізде тойламақ болған түлек қаза тапты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы 9-сыныптың 24 түлегі оқу жылының аяқталуын тойлауға автобус жалдап, Көк шығанаққа теңізге аттанды.
Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.
«Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде олардың қасында сынып жетекшісі болған. Соңғы қоңырауға дейін алдын алу шараларын жүргізіп, оқушылардың ауылға шығуына тыйым салынғаны туралы ақпарат жарияланғанымен, мұғалім қаладан шығуға рұқсат берді. Ұстазға өрескел заң бұзушылыққа жол бергені, сондай-ақ өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін сөгіс жарияланды», – дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.Суға батқан жасөспірімнің үшеуі судан өздері шыға алса, екеуін оқиға куәгерлері аман алып қалды. 2007 жылы туған зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда көлікте қайтыс болды.
Ауруханада үш қыздың жағдайы орташа ауыр екені хабарланды. 2008 жылы дүниеге келген тағы бір жәбірленуші ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Өлімге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақпарат: Orda.kz
фото: zakon.kz