Мексикалық бойжеткен Әлем аруы атанды
2018 жылғы 8 желтоқсан 21:12 57
АСТАНА. ҚазАқпарат — 68-ші рет өткізіліп отырған байқауда «Әлем аруы» атағын Мексикадан келген Ванесса Понсе де Леон жеңіп алды. Бұл туралы «Әлем аруы» байқауының ұйымдастырушылары Инстаграмдағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқауға 118 елдің арулары қатысты. Үздік бестікке мексикалық бойжеткеннен бөлек, Беларусь, Уганда, Джамайка және Таиланд сұлулары өтті.
Ал қазақстандық үміткер Екатерина Дворецкая үздік 30-дыққа да ене алмаған болатын.
Еске сала кетейік, байқау финалында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп, «Ұмытылмас күн» атты қазақша әнді әуелете шырқады.