Меккеге қажылыққа бара жатқан 14 адам қайтыс болды

0

Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген, — деп хабарлайды «News.am«.

Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.

Сәрсенбіде аяқталатын қажылық — әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады.