Домой Жаңалықтар Мейрамбектің тойында бой көрсеткен Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы елді сүйсіндірді (фото)

Мейрамбектің тойында бой көрсеткен Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы елді сүйсіндірді (фото)

0
8480

Күні кеше Алматының төрінде 45 жасын атап өткен Мейрамбек Бесбаевтың тойына ел алдында жүрген игі жақсылар тегіс жиналды. Қадірлі қонақтардың қатарында 84 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов пен оның жас жұбайы Жадыра Сейдеш те болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақ эстрадасының жұлдыздары тойдағы қызықты сәттермен Instagram желісінде жарыса бөлісуде. Желідегі видеолардан жиналған қауым, әсіресе, тойға келген аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсеткенін көруге болады. Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. болған.

Айта кетерлігі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 84 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов тойға өзінің жас жұбайы Жадыра Сейдешпен бірге келген. Желі қолданушылары олардың бірге жүрген суретін көріп, түрлі пікірлерін қалдырып жатыр.

«Ақылды келіншек болды ғой. Бақытты болсын!», «Ағамызға қарайласа болды ғой. Рахмет, Жадыраға!», «Бізге Нұрғали ағамыздың жасын берсін! Қосағымен қоса ағарсын!», «Тамаша бақытты ғұмыр кешіңіздер», — деп жазды олар.