«Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды»: Сәкен Майғазиев 5 жастағы қызды таныстырды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиев бес жыл бұрынғы видеоны жүктеді.

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бес жыл бұрынғы видеомен бөлісті. Бұл туралы turkystan.kz жазды. Видеода «Музарт» тобының әншілері бір-бірден жылаған балаларды көтеріп тұр. Соның ішінде Хадиша есімді қызды оқырмандар Мейрамбек Беспаевқа ұқсатқан. Бүгінде сол 5 жастағы бүлдіршін Сәкен Майғазиевпен кездесуге барыпты.

«Осыдан 5 жыл бұрын оқырмандарым бұл қыз баланың жылағанына қарап, Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды екен деп жазып еді. Қызымыз өсіп қалыпты, арада 5 жыл өтті», — деп айтты Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

https://smartnews.kz/news/13538-mejrambek-siyakty-zhurekpen-zhylajdy-saken-majgaziev-5-zhastagy-kyzdy-tanystyrdy-videoШ