Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды

0
21015

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп қалды.

М.Беспаев Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне кеше күндіз түскен. ПЦР тест нәтижесі оның коронавирус жұқтырып алғанын көрсетіпті. Бұл туралы Nege.kz порталы жазды.

Дереккөздің айтуына қарағанда, қазір әншінің жағдайы бірқалыпты. Қажетті емін алып жатыр.