Мейрамбек Бесбаев: Аллаға сансыз шүкір. Тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын

0

Мейрамбек Бесбаев өз тілеуін тілеген барша қазақстандықтарға үндеу жасады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@m_besbaev)

«Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс», — деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Әнші сондай-ақ ес білгелі бері  алақанына салып әлдилеп келе жатқан еліне алғыс білдірді.

«Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер», — деп түйіндеді әнші.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаевқа коронавирус диагнозы қойылғаны белгілі болды. «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбайдың айтуынша, әншінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырған.