Мейрамбек Бесбаев қуанышты жаңалығын бөлісті

0

Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде жақсы жаңалығымен бөлісті.

“Ақын Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаев көкемнің “Бозторғай” әні 36 жылдан кейін елмен қайта қауышып отыр. Ақберен Елгезек досымның түсірген “Болмаған балалық шақ” фильмінің саундрегі ретінде ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар! Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!”, – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.