Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков АҚШ қазақтарын алдап кетті деп айыпталды

0
230

Әлеуметтік желіде Америкадағы қазақтардың әнші Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербековке алданып қалғаны жайлы жазба пайда болды. Бұл туралы Айжан Хамит жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мына жақта масқара болып жатыр. Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков Американың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз, неше түрлі штаттардан келген, билеттерді сатып алған, енді мына екі жұлдызымыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, «ойбай, концерт па» деп дым білмегендей отыр. Сонда мына видеоны кім жасаған? Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды, залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істеп ақша тауып Қазақстандағы туыстарын асырауда», деп жазды Айжан Хамит.

Ал видеода Мейрамбек Бесбаев:  «Ардақты бауырлар, 3 – сәуір күні Орландо қаласында жолығайық, наурызға келдік, осындағы қандастарымызды көруге келдік, араласайық: Сіздерді көріп қуанып жүрміз. Жақсы бір кеш өткізейік. Әсерлі болсын кешіміз. 3 сәуір Орландода кездесейік» дейді.