Мейрамбек Бесбаев атақ үшін қырылған танымал әріптестері жайлы шындықты айтты — новости Казахстана

0

Мейрамбек Бесбаев биыл түрлі марапатқа ие болған әріптестері үшін қуанышты екенін жасырмады. Осыған орай, әнші бүгінде үкіметтің өнер адамдарынан сый-сыяпатты аямағанын айтып, бұрындары атақ үшін қырылған отандық жұлдыздар туралы бар шындықты ашты деп жазады 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Бұрындары бұл атақ өлейін деп жатқан сәтінде немесе дүниеден озғаннан кейін берілуші еді. Бірақ Құдайға шүкір, қазіргі таңда өз мемлекетіміз отандық жұлдыздарды ерен еңбегі үшін аямай марапаттап жатыр. Жалпы өнер саласы үшін де бұл үлкен құрмет. Үкімет бағалап жатқаны керемет қой. Ал кейін қартайған кезде мұның еш керегі де жоқ”, — деді Басбаев.

Осыған орай, әнші кезінде атақ үшін қырылысып қалған өнер саңлақтарын да еске алған.

“Осы атаққа бола бір-бірімен қырылысқан талай көкелерімізді көрдік. Бір-бірінің жолын да кесіп жатқандары болды арасында. Бір-біріне өкпелері қара қазандай болған. Сол сәттерде «біздің үкімет неге қимады екен» деген ойлардың болғаны рас.

Әрине, атақ үшін жұмыс істемейсің. Ел үшін еңбек еткен әлдеқайда маңызды. Бірақ үкімет тарапынан марапатқа ие болу, өз алдына қосымша жауапкершілік» , — деді Мейрамбек.

Еске сала кетейік, Мейрамбек Бесбаевтың әндерін біздің»Музыка Нур»қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар