Мейіржан Төребаевтың түрмеде немен айналысып жатқанын жары хабарлады

0
21404

Отандық танымал блогер Дана Есеева қаржы пирамидасының құрылуына қатысы бар деген айып тағылған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайын баяндады. Желі жұлдызы қамауда отырған отағасының бүгінде немен айналысып жатқанын айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Дана Есеева Instagram желісінде күйеуі туралы толассыз сұрақтар келіп жатқандықтан оларға жауап беруді жөн көрген. Ол жұбайының абақтыда отырса да шығармашылықты ұмытпағанын жеткізді. Сөзінше, Төребаев қазіргі уақытта үлкен өмірлік мәні бар фильмнің сценариін жазып шыққан. «Ол керемет сценарий жазды. Мен күн сайын оған барып, дәптерін оқимын, фильмге деп салған суреттерін көріп, оның өте талантты және шығармашылық адамы екеніне тағы да көз жеткіземін. Мен оны мақтан етемін. Бұл фильм полиция жайлы да, түрме жайлы да емес. Бұл өмірдің мәні жайлы болмақ. Онда әзіл де, драма да, психологиялық жанр да бар. Мен ол сахналарды оқығанда жылаймын. Құдайдың қалауымен, Мейіржан жазған дүниенің бәрі жарыққа шықсын деп тілеймін», — деп жазды ол.

 Еске сала кетейік, ақпан айында белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматы тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Кейін Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, пирамиданың құрылуына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Ал 19 сәуір күні Төребаев және тағы үш адам тұтқындалды. Көп ұзамай Төребаев пен Шерниязовтың 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.